Израиль үкіметі өз азаматтарын Нидерланд астанасынан эвакуациялау үшін шұғыл түрде арнайы ұшақтар жіберді. Бұл шешім Палестина жақтастарының Амстердам көшелерінде израильдің жанкүйерлеріне жасаған шабуылдарынан кейін қабылданды. Бұл туралы The Guardian басылымы жариялады.
Шетелдік ақпарат көздерінің мәліметінше, футболдан Еуропа лигасы аясында жергілікті «Аякс» пен тель-авивтік «Маккаби» арасындағы футбол матчыннан кейін израильдік жанкүейерледі білгісіз біреулер соққыға жықты.
Матчты көру үшін Амстердамға Израильден үш мыңға жуық жанкүйер келген болатын. Ойын «Аякс» командасының 5:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Ойыннан кейін Амстердам көшелеріне агрессивті топтар шығып, израильдіктерді қудалай бастады. Израиль Сыртқы істер министрлігінің деректеріне сәйкес, кем дегенде 12 адам зардап шеккен, ал үш адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху екі арнайы ұшақты дәрігерлер мен құтқарушылармен бірге жіберуді бұйырды. Министрлік Амстердамдағы израильдіктерге қауіпсіздік үшін қонақүй бөлмелерінде қалуды ескертті. Қоғамдық желілерде көшедегі тәртіпсіздік пен израильдіктерге шабуыл сәттері түсірілген бейнероликтер тарап жатыр, бірақ олардың шынайылығы әлі расталмаған. Полиция 57 адамды қамауға алды.