Wildberries компаниясының негізін қалаушы Татьяна Кимнің бұрынғы күйеуі Владислав Бакальчук Қырғызстан азаматтығын алды. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында хабарлады.
Бакальчук бұл шешімін бизнесін Қырғызстанда дамытуға көмектесетін қадам ретінде түсіндірді.
«Достар, әртүрлі қауесеттер мен жалған ақпараттардың алдын алу үшін жағдайды түсіндіре кетейін: Қырғызстан азаматтығын көктемде алдым — бұл қадам менің осы керемет әрі достық қатынастағы елде бизнес жүргізуіме көмектеседі. Қырғызстан – біз үлкен логистикалық орталық салуды жоспарлаған елдердің бірі. Компанияға оралған сәтте мұны тиімді жүзеге асыратыныма сенімдімін», – деп жазды Бакальчук.
Сондай-ақ, Бакальчук Wildberries компаниясына қайта оралып, оның дамуына үлес қосуды көздейтінін және Ресейден кету ниетінің жоқтығын айтты.
«Мен шетелде ешқашан жарты жылдан артық уақыт өткізген емеспін, көбінесе үш айдан аспайды. Бизнесімді ұзақ уақытқа қалдыруды жоспарламаймын, өйткені оны өзім басқарамын және оның дамуын қадағалаймын», – деп толықтырды Бакальчук.
Еске сала кетейік, Қыркүйекте Wildberries-тің Мәскеудегі кеңсесінде атыс болып, 2 адам қайтыс болып, 7 адам жарақат алған. Wildberries ақпаратына сүйенсек, атысты Владислав Бакальчукпен бірге келген адам бастаған. Бакальчук қамауға алынып, кейін Wildberries-тен 350 млрд рубль талап еткен