Аir Astana компаниясынан 1 теңге моральдық өтемақы өндірмек болған депутат сотта жеңіліп қалды
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Air Astana әуе компаниясынан сотта ұтылып қалды. Ол рейстен кешіккені үшін ренжіген. Ирина енді аппеляциялық сотқа шағымданбақ.
Бұл істі Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық соты қараған. Сот депутат талабын қанағаттандырудан бас тартты.
«Нәтиженің осылай болатынына күмәнім болған жоқ. Сотта Аir Astana компанияның жолаушыларға да, клиенттеріне де қарыз емес екенін алға тартты. Компания оларды өзінің қарамағындағы адамдар ретінде қабылдайды, рейсті қайта жоспарлау, оны ұшырмау, ұшаққа отырғызбау, билет сату бойынша өз бетінше шешім қабылдап, нұсқау береді», – деді сот шешіміне наразы болған Смирнова.
Оның сөзінше, Аir Astana монополист ретінде өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарап, жолаушылардың мүддесін ескеруге тиіс. Депутат күресуді жалғастырып, сот шешіміне шағым түсірмекші.
«Ал компания мұндай сәттерде жауапкершілікті сезінбеуі, оның көптеген салаларда монополист екенін ескерсек, мүлдем дұрыс емес әрекет. Сондықтан мен күресімді жалғастырып, ары қарай шағымданамын», – деді ол.
Бұған дейін Смирнова Аir Astana-ны сотқа берген. 23 маусымда оның рейсі 23:35-те ұшуы керек еді, бірақ ұшақ 16:30-да ұшқаны белгілі болды. Оның айтуынша, өзі де, билет сатып алған компания да авиакомпаниядан ешқандай хабарлама алмаған.