Жаңа шаһар құрылысын жобалық кеңсе тағы пысықтады. Осы жолы «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын дайындалып жатқаны мәлім болды.
Алматы мен Алатауға дәнекер болатын Urban Air Mobility алаңы жасақталмақ. Шағын ұшақтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады.
Қала жобасын дамыту үшін жаңа бастамалар көтерілді:
- Саяжайлардың орнына зәулім үйлер тұрғызу;
- Шетелден келетін мамандарға виза мәселесін жеңілдету;
- EPC-келісімшарт негізінде құрылыс компаниялармен кәсіпкерлік қызмет ұсынатын салықтық жеңілдік ұсыну.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев әкімдікке Түркістан тәжірибесін зерделеуді тапсырды.
«Бізде жаңа астананы салу тәжірибесі бар. Соңғы жылдары жаңа облыс орталығы – Түркістан қаласы бой көтерді. Бұл тәжірибе Алатау қаласына да пайдалы болуы мүмкін. Алматы облысының әкімдігіне Түркістан қаласының құрылыс тәжірибесін жан-жақты қарастыруды тапсырамын», – деді Бозымбаев.
Жаңа шаһардың дамуына Қытай даму институты (China Development Institute) көмектеседі. Келіссөз кезінде Бозымбаев Шэньчжэнь аймағының да тәжірибесі құнды екенін айтқан.