Ресей мен Украина бірін-бірі дрондармен атқылады

Жарияланды
фото: ашық дереккөздерден

10 қарашаға қараған түні Ресей әскерлері Украинаға 145 Shahed 131/136 дрондармен және белгісіз ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады. Әуе қорғанысы күштері 62 әуе нысанын атып түсірді. Бұл туралы Украина қарулы күштерінің Әскери-әуе күштері хабарлады.

Осылайша, оккупанттар уақытша басып алынған Қырымда орналасқан Приморско-Ахтарск, Орел, Брянск және Чауда мүйісі сияқты төрт бағытта дрондарды ұшырды.

Әуе шабуылына зениттік-зымырандық күштер, авиация, радио-электронды соғыс бөлімшелері, Әскери-әуе күштері мен қорғаныс күштерінің мобильді атыс топтары тойтарыс берді.

Сағат 09:30-дағы жағдай бойынша Әскери-әуе күштері Одесса, Киев, Житомир, Харьков, Полтава, Сумы, Винница, Хмельницкий, Чернигов, Днепропетровск, Николаев, Запорожье және Донецк облыстарында 62 ұшқышсыз ұшақтың құлатылғанын растады.

Тағы  ресейлік 67 ұшқышсыз ұшақ Украинаның әртүрлі аймақтарында жоғалды. Тағы 10 дрон Украина әуе кеңістігінен Молдова, Беларусь және Ресей бағытына шығып кетті.

Басқыншылардың шабуылы салдарыран Одесса облысы және басқа облыстар зардап шекті. Көпқабатты үйлер мен адамдардың мүліктері қираған. Әзірше мерт болғандар туралы ақпарат жоқ, зардап шеккендерге көмек көрсетілуде.

Сондай-ақ оқыңыз