Мысырда туристер мінген автобус аударылып қалды: жолаушылар арасында қазақстандықтар бар
Жарияланды
10 қараша күні Мысырда автобус апатынан 41 адам жарақат алды. Шетелдіктер арасында үш қазақстандық бар. Жол-көлік оқиғасы Рас-Сидра қала маңында болды, деп жазды Cairo24.
Жолаушылардың көбі – Ресей мен Украина азаматтары. Жергілікті тұрғындар да автобуста болған.
«Ресей мен Украинадан келген 31 турист зардап шеккен, одан бөлек үшеуі Қазақстаннан, үшеуі Әзірбайжаннан, тағы төртеуі мысырлық екені анықталды», – деп жазды аталған ақпарат құралы.
Әртүрлі деңгейде жарақат алған барлық адам ауруханаға жеткізілді.
Суэц каналына жақын жерде автобус аударылып қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.