Астана халықаралық әуежайынының баспасөз қызметі рейстердің кешіктіріліп жатқанын хабарлады.
10 қараша күні әуежайда 75 рейс бойынша ұшу-қону кестесі жарияланды. Бірақ соның алтауы бойынша ұшақтар кешігіп жатыр. Бірақ баспасөз қызметі оның себебі ауа райына байланысты емес екенін хабарлады.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы орын алған жоқ», – делінген хабарламада.
Елордадан Мәскеу, Атырау, Франкфурт, Алматы, Қызылорда, Шымкетке жолаушыларды алып баруы тиіс ұшақтар орнынан қозғалмаған:
- SU1957 Астана – Москва
- КС7208 Астана – Атырау
- КС7315 Астана – Кызылорда
- КС921 Астана – Франкфурт
- DV716 Астана – Шымкент
- КС642 Астана – Алматы
Жолаушылар рейстер туралы ақпаратты www.nn-airport.kz сайтынан біле алады. Оған қоса тәулік бойы 8 (7172) 702-999 нөміріне телефон шала алады.
9 қарашада Новосибисрк – Астана рейсі тәулік бойы кешіктірілгені мәлім болды. Бұл рейсті Qazaq Air әуе компаниясы орындауға тиіс болған.