Қазақстан сегіз айда Ресейден екі есе табиғи газ импорттады
2024 жылдың сегіз айында Қазақстандағы ресейлік табиғи газ импорты екі есе өсті.
Қаңтар-тамыз айларында Ресей жалпы сомасы 353 млн 400 мың доллар болатын көгілдір отын жіберді. Бұл көрсеткіш, былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 2,1 есе көп. Осы жолы ресейлік газ импортының жалпы көлемі сауда айналымы тарихы бойынша ең жоғары деңгейге жетті.
Қазақстан қаңтар-тамыз айларында Мәскеуден мұнай өнімдерін сатып алуды 2,5 есеге – 191,5 млн долларға дейін қысқартты. Автобензин импорты 587 мың долларға, ал дизельдік отын 9 миллион долларға жуықтаған.
Ресейдің кокстың импортын 15,4%-ға ұлғайып, 103,5 млн долларға жеткізді. Көмір тасымалы 1,6 есе артты.
Ресей импорт бойынша Қазақстан үшін басты серіктес. Сегіз айда импорттың 30%-ға жуығы осы елден келген. Астана мұнай өнімдерін, электр қуатын, көгілдір отыр, металдар сатып алады.