Жаңалықтар

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының 9 айдағы жиынтық табысы екі есе қысқарған

Биыл «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының жиынтық табысы 2023 жылмен салыстырғанда екі есе қысқарған. Аралық қаржы есебіне сәйкес, 2024 жылдың 9 айында қор 21,6 млрд теңге жиындық табыс алса, 2023 жылдың жылдың сәйкес кезеңіндегі пайдасы 42,4 млрд теңгегі құраған болатын.

Компанияның жыл басына берғы пайдасының қысқаруына шығының артуы әсер еткен. Мәселен, 2023 жылдың сәйке кезеңінде қаржы құралдарын нарықтан төмен мөлшерлеме бойынша бастапқы танудан болатын таза шығын 2,7 млрд теңге болса, биыл ол 4 есе өскен. Нәтижесінде 11,2 млрд теңге шығын қалыптасқан.

Сонымен қатар қаржы есебінде биыл кредит міндеттемелер резервін қалпына келтіру теріс мәнге өткені байқалады. 2023 жылы бұл көрсеткіш 5,6 млрд теңгегі құраса, биыл 9 айда – (минус)2,5 млрд теңгеге жеткен.

Қордың аудиттелмеген аралық есебіне сәйкес, «Дамудың» жиындық активі 2023 жылдың 9 айындағы 422 млрд теңгеден 429 млрд теңгеге жеткен. Ал міндеттемелері 221 млрд теңгеден 236 млрд теңгеге дейін артқан. Жеке капиталы 200 млрд теңгеден 193 млрд теңгеге дейін азайған.

Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдаумен айналысатын қор 1997 жылы құрылған. Жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі. Қор 2023 жылдың нәтижесінде 38 млрд теңге таза пайда тапқан болатын. Соның 70 пайызын акционеріне дивиденд ретінде төледі.