2024 жылдың 9 айында «ҚазТрансОйл» (ҚТО) компаниясы 31,6 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 4,9% төмен. Былтыр 9 айда 33,3 млрд теңге таза табыс тапқан болатын.
ҚТО-ның 9 айдағы шоғырландырылған есебіне сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларында 230,6 млрд теңге түсім түскен. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 9,8% жоғары.
Компанияның жиынтық активі 1,3 трлн теңгеге тең. Міндеттемелері 376 млрд теңгені құрайды.
ҚТО Қазақстан аумағында мұнай тасымалдаумен айналысады. Оның меншігінде 5338 шақырым мұнай құбыры магистралі мен 2307 су құбыры желісі бар. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы 33,6 млн тонна мұнай тасымалданды. Бұл 2023 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 1,2 млн артық.
2024 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша, компания акцияларының 10%-ы жеке акционерлерге тиесілі. Жеке акционерлер бұл акцияларды «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында сатып алған. Ал 90 пайызы негізгі акционер -«ҚазМұнайГаз» компаниясының иелігінде.
Ал ҚМГ акцияларының 67,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына», 20%-ы – Қаржы министрлігіне, 9,58%-ы – Ұлттық банкіне тиесілі. А қалған 3 пайызы Астана қор биржасы(AIX) мен Қазақстан қор биржасында (KASE) еркін айналымда. Қазақстан Республикасының Үкіметі – «Самұрық-Қазына» қорының жалғыз акционері.
Компанияныуң 2023 жылғы таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге – 8,3 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге дейін өсті. Компанияның шоғырландырылған пайдасы 65,9%-ға – 19,8 млрд теңгеден 32,8 млрд теңгеге дейін артты.