Банк пен қаржы

Қазан айында Ұлттық қордың валютадағы резерві 3 пайызға азайған

Фото: kursiv.media

Қазан айында Қазақстанның жалпы халықаралық резерві $106,615 долларды құраған. Соның ішінде Ұлттық банктің жалпы халықаралық резерві 2,97%-ға артып, $45,915 миллиардты құраса, Ұлттық қордың валютадағы резерві 3,05% азайып, 60,7 млрд долларды құраған.

ҰБ-ның дерегіне сүйенсек, бір айда Қазақстанның халықаралық резерві 0,5 пайызға төмендеген. Қыркүйек айында Қазақстанның халықаралық резервтері 107,203 млрд долларға тең болған. Бұған Ұлттық қордың валютадағы резервінің 3 пайызға азаюы себеп.

Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері қазан айында 2,97%-ға артып, $45,915 миллиардты құрады, оның ішінде валютадағы активтер $19,987 миллиард долларға тең.

Ал алтын қоры $25,928 миллиардқа жетіп, 6,42%-ға өсті. Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 3,24%-ға артып, $43,897 миллиардты құрады.

Қаржы министрлігінің дерегі бойынша, Ұлттық қордан 31 трлн теңгеге жуық қаражат жинақталған. Жыл басында 29,85 трлн теңге болған. Яғни, 10 айдың ішінде қордағы қаржы 1,13 трлн теңгеге ғана өскен. Оған биыл қордан бюджетке қомақты қаржы бөлінуі себеп.