ҚазМұнайГаз тоғыз айда табиғи газ өндіру көлемін 2,8% ұлғайтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазмұнайгаз тоғыз айда табиғи газ өндіру көлемін 2,8% ұлғайтты
Қазмұнайгаз тоғыз айда табиғи газ өндіру көлемін 2,8% ұлғайтты / shutterstock, unsplash и freepik

ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы 2024 жылдың 9 айында ілеспе және табиғи газ өндіру көлемін 2,8% ұлғайтқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Компания ақпаратына сүйенсек, тоғыз ай ішінде 196 млн м³ газ өндірілген.

«2024 жылдың тоғыз айында ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі (кері айдау көлеміне дейін) 2,8%-ға ұлғайып, 7 202 млн м³ жетті (2023 жылы 7 008 млн м³ өндірілді)», – делінген компания хабарламасында.

Ақпаратқа сай көрсеткіштің артуына компанияның технологиялық процестерінің дамуы әсер етіп, ресурстарды тиімді басқару өз септігін тигізген. 

Негізінен газ өндіру деңгейінің өсімі «Өзенмұнайгаз» және «Маңғыстаумұнайгаз» компанияларына тиесілі болған. 2023 жылдың соңында өндірістік иегерілуі басталған Рожков кен орнының үлесі жоғары. Бұған қоса, жаңа ұңғымалар пайдаланыла бастаған Шығыс Өріктау кен орнының да әсері бар.

Айта кетейік, ҚазМұнайГаз компаниясы дәл осы мерзімде мұнай өндіру көлемін 18 млн тоннаға жеткізген. 9 айда 63 197 мың тонна мұнай тасымалдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,1%көп болып отыр. 2024 жылы 9 айда тәулігіне 497 мың баррель мұнай өнідіріліп отырған.

Сондай-ақ оқыңыз