Трамп Путинмен телефон арқылы Украинадағы соғысты талқылады – The Washington Post

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Трамп Путинмен Украинадағы соғысты талқылады
Трамп Путинмен Украинадағы соғысты талқылады / Фото: BRENDAN SMIALOWSKI / AFP

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп 7 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы бейресми түрде тілдескен. Бұл туралы 10 қарашада The Washington Post (WP) басылымы жазды.

Басылымның жазуынша, американдық саясаткердің өзі Флоридадағы курортынан Ресей президентіне қоңырау шалған. Әңгіме барысында Ақ үйдің болашақ басшысы «Ресей президентіне Украинадағы соғысты өршітпеуге» кеңес берген. 

Трамп Путинмен соғыстың «тез тоқтатылуын» талқылау үшін тағы сөйлесуге дайын екенін айтқан. Ол Ресей басып алған аймақтардың тағдыры туралы да сөз қозғаған. Украина-Ресей шекарасының қазіргі қалыпта немесе 2014 жылғы қалыпта туралы талқылаған.

WP қоңыраудың бейресми болғанына назар аударған. Себебі Трамп әлі президенттік билікті алған жоқ және ел басшысы ретінде қоңырау шалу құқығын да алып үлгермеді. 

Басылым Трамптың Путинмен әңгімесі туралы алдын ала Киев хабарланғаны туралы жазған. Алайда ақпаратты жоққа шығарып, өздерінің қоңырауға қарсы болғандарын айтқан.

«Украина тарапына қоңырау туралы алдын-ала хабарланған жоқ. Тиісінше, Украина қоңырауды мақұлдай алмады немесе қарсы бола алмады», – деп жауап берген Reuters агенттігіне Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Георгий Тихий.

Айта кетейік, 7 қарашада Валдай форумында Путин Трампты жеңісімен құттықтайтынын және оған өзі бірінші болып қоңырау шалуға дайын екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз