Жаңалықтар

Тәуекелі жоғары криптонарық: Dogecoin Bitcoin-ға қарағанда қарқынды қымбаттап барады

Dogecoin деген не және оның ерекшелігі неде? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әлемдегі алғашқы мемекоин саналатын Dogecoin АҚШ сайлауына бір күн қалғанда капиталдандыру бойынша 100 ең ірі криптовалюта арасында ең жақсы баға динамикасын көрсетті. Бұл өсім Bitcoin динамикасынан асып түсіп, 11 қарашаға дейін жалғасып келеді.

Мемекоин (немесе memecoin) – бұл іргелі мәні жоқ және әзіл ретінде жасалған алғашқы криптовалюта. Сарапшылар оның бағасының күрт өсуін X әлеуметтік желісінің бас директоры, миллиардер Илон Маскпен байланыстырады.

Себебі Маск Трамптың сайлауалды науқаны кезінде осы Dogecoin-ға басымдық беретінін жеткізген. Тиісінде бұл ақпараттан соң мемкоинға деген нарық қатысушыларының қызығушылығы күрт артып, оның құны өсті.

«Маск DOGE-ды алға жылжыту үшін қолынан келгеннің бәрін жасады. Нарық оның көптеген әрекетін оң деп қабылдайды. Трамп жеңіске жетті. Енді Илон оның экономикалық саясат жөніндегі кеңесшісі болса таң қалмас едім», – деді BABs стратегиялық коммуникациялар және маркетинг фирмасының серіктесі Райан Горман.

Қыркүйек айының басынан бері валюта шамамен 2 есе қымбаттап, 0,175 долларға жетті. 5 қарашада DOGE 11%-ға өсіп, капиталдандыру бойынша 100 ең ірі криптовалюта ішінде ең жақсы нәтижесін көрсетті. Дәл осы кезеңде Bitcoin бағасы тек 1% өсті.

Осы аптаны да Dogecoin жоғары динамикамен бастады. Айта кету керек, Dogecoin бағасы соңғы 30 күнде екі 2 өсті. Осылайша мемдік монетаның құны кейінгі 7 айдағы ең жоғары деңгейге жетті.

Еске сала кетсек, жуырда АҚШ-та сайлау өтіп, Трамп жеңіске жетті. Сол тұста құндық қағаздар нарығында өзгеріс болды. Сайлаудың қорытындысы Қазақстан экономикасы мен сыртқы қарым-қатынасынан қалай әсер ететіні туралы саясаттанушылар пікірін жариялаған болатынбыз.