Қазақстанда орташа жалақы 11,3%-ға өсіп, 390 мың теңгені құрады
2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан бойынша орташа жалақы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Жалақының медианалық мәні 2024 жылдың III тоқсанында 269 378 теңгеге тең. Биыл ең төменгі еңбекақы 85000 теңге шамасында.
«Жалақысының орташа мәні 11,3%-ға өсті. Нақты айлық индексі 102,7% құрады», – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Ал үшінші тоқсанда екінші тоқсанмен салыстырғанда орташа жалақы 3,2%-ға төмендеді.
Өңірлер бойынша орташа еңбекақы ең көп Шымкентте – 16,1%-ға, Алматыда – 15,2%, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%, Қостанай облысында – 14,0% өсті.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық ақпарат және байланыс – 28,1%, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға өскен. Жылжымайтын мүлікпен операциялар саласындағы қызметкерлер айлығы – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға ұлғайған. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті.
2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда еңбекақы, мемлекеттік басқару және қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларында – 5,9%-ға, ал құрылыс саласында– 5,3%-ға ғана көбейіпті.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда саласындағы жалақы орташа жалақыдан – 2,2 есе көп, ал қаржы және сақтандыру қызметінде – 2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 1,5 есе, көлік және жинақтау саласында – 1,4 есе жоғары.
Айта кететіні, Үкімет болжамы бойынша 2029 жылға қарай Қазақстанда орташа жалақы 570 мың теңгеден асуы мүмкін. 2024 жылғы тамызда елдегі орташа жалақы 400 мың теңгеден асты.