Алматыдан Алатау қаласына «ұшып» баруға бола ма? Үкімет жаңа жобаны қолға алмақ

Жарияланды 11 Қараша 2024 13:06

(жаңартылды 11 Қараша 2024 13:13)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Коллаж kursiv.media. Бильд-редактор Ахтам Зиперов

Үкімет Алматы мен Алатау қалалары арасында аэромобильдер қозғалысын сынақтан өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Алатау қаласын дамыту мәселесі жөніндегі жобалық кеңсенің екінші отырысында айтылды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Алатау қаласында Urban Air Mobility жобасы аясында әуе көлігіне арналған тест орталығы және жұмыс тобы құрылмақ.

Аэромобильдер жолаушылар мен жүк тасымалдау үшін арналған. Жоба сәтті жүзеге іске асқан жағдайда, Алматы қаласында жаңа көлік жүйесі пайда болады деп күтіліп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытайда ұшатын көліктер шығаратын зауыт салынатыны туралы жазған едік.

Қытайлық басылым мәліметінше, зауыттың аумағы 10 мың гектарды құрайды және Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу провинциясында салынып жатыр. Мұнда әлемде алғаш рет ұшатын автокөліктердің жаппай өндірісі қолға алынады. Алғашқы кезеңде зауыттың өндірістік қуаты жылына 10 мың автокөлікке жетеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз