Гаджеттер

Apple iPhone 16 және 16 Pro модельдеріне арналған қосалқы бөлшектерді сатуды бастады

Apple iPhone 16 үшін қосалқы бөлшектерді сатуды бастады / фото: shutterstock

Apple компаниясы iPhone 16 және 16 Pro модельдерінің камералары, дисплейлері мен батареялары сияқты, қосалқы бөлшектерді өз дүкені арқылы сатуды бастады. Енді жаңа iPhone иелері смартфондарын өздері жөндей алады.

The Verge басылымының мәліметінше, Apple компаниясы өздігінен жөндеу үшін қосалқы бөлшектер ассортиментін кеңейтіп, iPhone 16 және 16 Pro модельдерінің жиі бұзылатын модульдері – камера, дисплей және артқы панельдерге арналған қосалқы бөлшектерді қосқан. Қыркүйек айында жарияланған ресми нұсқаулықтың көмегімен пайдаланушылар құрылғыны сервистік орталыққа бармай-ақ өздері жөндей алады.

iPhоne 16 және 16 Plus модельдеріне арналған камера модулінің бағасы 169 долларды құраса, 16 Pro және Pro Max үшін – 249 доллар. Жаңа дисплейлердің бағасы модельге байланысты 279 доллардан 379 долларға дейін өзгереді. Негізгі iPhоne батареялары 99 доллар, ал iPhоne 16 Pro моделіне 119 доллар тұрады.

Apple компаниясының мәліметінше, iPhone құрылғыларын өз бетінше жөндеу бұрынғыдай қауіпті емес. Сонымен қатар, пайдаланушылар өздері жөндеу арқылы ақшасын үнемдейді.

Еске сала кетейік, Қазақстанға контрафактілік iPhone 16 және компанияның басқа да жасанды құрылғылары кіргізілмейді. Әділет министрлігі «Apple» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге келгені туралы жазған едік.