Қазақстандағы әлеуметтік желілерде кең танымал болған Asarume қайырымдылық қорына қатысты түрлі пікірлер пайда бола бастады. Қор аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй алуға көмек ретінде қаржы жинаумен айналысады. Алайда соңғы кездері блогерлер мен қоғам белсенділері тарапынан қордың қызметіне күмән келтірген пікірлер айтылып жатыр.
Asarume қайырымдылық қорының басшысы Асхат Нұрмашев Instagram-да айыптауларға жауап ретінде бейне жазба жариялап, қордың қызметі ашық екенін және қаржылық есептер мен аудит тексерістері жылдар бойы жариялы түрде қолжетімді болғанын айтты.
Әлеуметтік желіде таралған пікірлерге байланысты қор мен Асхат Нұрмашевтің атына қатысты жалған айыптауларды жоққа шығарды. Сондай-ақ, Салтанат Нүкенова қатысты пікір білдірген азамат қордың қызметкері емес, өңірдегі ерікті екен. Асхат волонтердің пікірі үшін кешірім сұрап, ол пікір қордың ресми көзқарасын білдірмейтінін және қордың атына кір келтіргенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін блогерлер Asarume қорының қаражатты қалай жұмсайтынын және оның шынымен де мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жатқанын анықтау қажеттігін алға тартқаны туралы жазған едік.
Egov.kz деректеріне сәйкес, Asarume қоғамдық мәдени-білім беру қоры 2019 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Қордың екі құрылтайшысы бар: Ғалиолла Мұхтарқанов және Әзімжан Алаев. Мұхтарқанов туралы ашық ақпарат көздерінде мәлімет жоқ.
Ал Әзімжан Алаев «МетСталь» ЖШС тең құрылтайшысы, компания құбырлар өндірумен және Asia prom Steel LTD жеке компаниясымен-полимерлі болат өндіретін зауытпен жұмыс істейді.
Қор басшысы Асхат Нұрмашев «МетСталь» әлеуметтік желілердегі парақшаларын компанияның Asarume-ге ірі ақшалай қайырымдылық жасап жатқаны туралы айтады. Шамамен жылына 50-ден 100 миллион теңгеге қаржы жұмсалуы мүмкін. Алайда қорды басқарушы Нұрмашев «МетСталь» басшысы Әзімжан Алаевтың Asarume-нің тең құрылтайшысы екені туралы айта бермейді.