Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген Астана LRT-ның экс-басшысы Талғат Ардан сырттай 9 жылға сотталды

Бүгін, 11 қарашада Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты «Астана LRT»-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл жолы Ардан 9 жылға сотталып, 85 млрд теңге төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін, 2023 жылы шенеунік бюджет қаражатын ысырап еткені үшін сырттай 7 жылға сотталған. Жаңа үкіммен жаза мерзімі 9 жылға дейін ұзарды.

Еске сала кетейік, 2019 жылы қозғалған қылмыстық іс аясында бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларға айып тағылды. Олардың қатарында Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков және «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан бар. Оларға алаяқтық және қызмет бабын асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жобадан алынған бюджет қаражатын заңсыз жолмен жеке мақсаттарына пайдаланған.

2023 жылдың қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын аяқтау керек деп мәлімдеді. Оның ойынша, қоғамдық көлік кептелесі мен оған жұмсалған қаржыны ескере отырып, елорданың басқа амалы жоқ.