Жаңалықтар

Қазан айында тұрғын үй нарығындағы бағалар төмендеді

На рынке жилья Казахстана рост цен и снижение сделок
Қазан айында тұрғын үй нарығындағы бағалар төмендеді / фото: kursiv.media

Қазан айында қайталама тұрғын үй нарығындағы пәтер бағасы мамыр айынан бері алғаш рет айлық есептеуде 0,4%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Алайда, жылдық есептеуде (2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың қазанына дейін) қайталама нарықтағы пәтер бағасы 3,9%-ға, бастапқы нарықтағы бағалар 2,3%-ға өсті, ал жалдау ақысы 6,7%-ға артты.

2024 жылдың қазанында тұрғын үй сату бойынша 39,1 мың келісім-шарт тіркелген, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 1%-ға аз. Дегенмен, былтырғы қазан айымен салыстырғанда жалпы келісім-шарттар саны 18,7%-ға өсті.

Атырау қаласында қайталама тұрғын үй нарығында ең жоғары жылдық баға өсімі байқалды (+24,7%), сонымен қатар, Астана да айтарлықтай өсім көрсетті (+11,3%). Жалға беру ақысы бойынша ең жоғары өсім Оралда (+24,2%) және Шымкентте (+21,9%) тіркелді. Ал бастапқы нарықтағы ең үлкен баға өсімі Таразда (+8,6%), Ақтөбеде (+7,9%) және Талдықорғанда (+7,2%) байқалды.

Келісімдер саны бойынша Алматы (7,6 мың – 19,5%) мен Астана (6,9 мың – 17,9%) көш бастап тұр. Ең үлкен өсім Ұлытау облысында (+33,1%) байқалса, төмендеу Батыс Қазақстан облысында (-21,5%) тіркелді.

ске сала кетсек, «Комментарий» телеграм арнасының сарапшысы Әлішер Кәрімов 2025 жылы Қазақстанда құрылыс қарқыны төмендеуі мүмкін деген еді. Оның айтуынша, жалпы қыркүйек айында елдің тұрғын үй нарығында сатып алу мәмілелерінің саны 3,2%-ға төмендеген.

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік қорының басым бөлігі ескіргенін хабарладық.