Jetour Traveller-дің Land Rover-ге ұқсайтын жаңартылған үлгісі шықты
Қытайда Jetour Traveller кроссоверінің жаңартылған түрі таныстырылды. Жаңа кроссовердің тек қана сыртқы түрі ғана өзгеріп қоймай, қуатты арттырылған қозғалтқышқа да ие болып отыр. ТМД нарығында көліктің бұл үлгісі T2 деген атпен танылған. Көліктің сыртқы түрі, әсіресе, алдыңғы бөлігі қатты өзгерген. Бұл туралы CarNewsChina басылымы хабарлады.
Жаңартылған Jetour Traveller радиатордың торы өзгертіліп, металл жолақтармен көмкерілген. Пошымы тік төртбұрыш емес, кәдімгі көлік пішінінен өзгешелеу. Алдыңғы фарларына аздап қара реңк беріліпті. Jetour деген жазу капотқа шығарылған. Мұнысы британдық бренд Land Rover-ді еске түсіреді.
Автокөліктің артқы бөлігі көп өзгеріске түспеген. Шанағы шаршы кескінін сақтап қалыпты. Жүк салғышы жанына қарай ашылады. Артқы шамдары тіктеу келсе, тоқтау белгісі жоғары орналасқан.
Жаңа Jetour Traveller жаңа дизайндағы 19 дюмдік аюминийден жасалған дөңгелек дискілерімен жарақталған. Дөңгелек аркалары да кеңейтілген. Жандарындағы баспалдағы да жаңарған. Төбесінде жүк сөресі де бар.
Кроссовер бұрынғысынан мықтырақ болып шыққан. Оған қуаты 251 л.с, көлемі 2,0 литр болатын қозғалтқыш орнатылады. Күштік қондырғысы 7 сатылы «роботпен» жұмыс істейді.
Әзірге Jetour соңғы үлгісі ТМД нарығына қашан жететіні белгісіз. Мұның алдында Қытайда Jetour Traveller God of War бейне ойынына арналған арнайы нұсқасы шыққаны туралы хабарланған болатын. Ол Game for Peace God of War Edition деген атауды алып отыр.
Traveller-дің арнайы нұсқасы осы ойыннан бірнеше элементті алған. Атап айтқанда, фирмалық логотип, жарқырап тұратын есік табалдырығы, камуфляжды бояу, тағысын тағылар. Сонымен қатар, кроссовердің төбесінде дрондарды қуаттауға болатын арнайы платформа орналасқан.