Қаржы мониторингі агенттігі Sax Invest қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Сәтжан Меңдіғалиевке іздеу жариялады. Ол қазақстандықтарға Африкада алмаз өндіріп, миллиондаған табыс табуға уәде берген.
1976 жылғы Қазақстан азаматына 11 қарашада іздеу жариялаған. Ал 11 қазанда Қаржы мониторинг агенттігі қазақстандықтар Sax Invest қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бұқаралық ақпарат құралдары Сәтжан Меңдіғалиев осы қаржы пирамидасының незігін қалағандардың бірі екенін жазған.
Пирамиданы ұйымдастырушылар Анголадағы алмаз өндірісі мен бағалы қағаз саудасынан үлкен табыс уәде еткен. 2018-2022 жылдары 3 мыңға жуық қазақстандық осы қаржы пирамидасына 9 млрд теңгесін салып жіберген. Қомпания салған қаржыдан ай сайын дивиденд төлеуге уәде берген. Ал жаңа салымшы тартқан жағдайда бонус көлемі өседі деп алдаған.
Іздеу жарияланған адаммен аттас – Сәтжан Меңдіғалиев деген азамат 2024 жылдың күзіне дейін әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді жүргізіп келген. Оның Instagram парақшасына «Африкада алмаз іздеп жүрген қазақ» деп жазылған. Парақша иесі тұрақты жүргізіп, оқырмандарына қалай «алмаз іздеп жүргенін» көрсетіп отырған.
Ашық дереккөздер мәліметтеріне сәйкес, Сәтжан Меңдіғалдиев киім-кешек саудасымен айналысатын жеке кәсіпкер ретінде Ақтауда тіркелген.
Компания туралы не белгілі?
Sax Invest Ltd. ресейлік сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 2019 жылы Кариб теңізіндегі Сент-Люсия аралында тіркелген. Сайтта ақпарат аз және компанияның заңды жұмыс істейтіні жайлы ресми құжат жоқ
Компанияға қатыст дау-дамай 2020 жылы басталды. Содан кейін ғаламторда Sax Invest «қара брокер» екні жайлы ақпарат тарай бастады. Компанияның ВКонтакте желісіндегі парақшасы Қазақстанда бұғатталған. Facebook желісіндегі парақшасы ашық болғанымен, бірақ ондағы деректер 2022 жылдың 15 ақпанынан бері жаңармаған.