Жаңалықтар

Жоғарғы сот кеңесі кейбір интернет алаяқтық құрбандарының несиелерін кешіруді ұсынды

Жоғарғы сот кеңесі кейбір интернет-алаяқтық құрбандарының несиелерін кешіруді ұсынды
Жоғарғы сот кеңесі кейбір интернет-алаяқтық құрбандарының несиелерін кешіруді ұсынды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Жоғарғы сот халықаралық кеңесінің отырысында интернет алаяқтық құрбандарына қатысты мәселені талқыға салды.

Кеңес отырысы кезінде алаяқтардан зардап шеккен азаматтардың несиелерін кешіру туралы ұсыныс айтылды. Себебі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда интернет қылмыстардың 270% өскен.

«Жоғарғы соттың судьялары Мәдениет Омарбекова мен Баян Тоқтарова интернеттегі алаяқтыққа қатысты істердің жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.  Биыл 2022 жылмен салыстырғанда мұндай азаматтық істердің өсімі 270 пайыздан асты», – делінген хабарламада.

Сот кеңесінің ақпаратына сүйенсек, дәл қазір елімізде интернет-алаяқтық құрбандарының мүдделерін қорғайтын бап жоқ. Алайда дропперлер мен микроқаржы ұйымдарына қарсы талап қойып, шығынды өтеу мүмкіндігі бар.

Судьялар бірнеше ұсыныс жасап кетті. Олар несие клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен алынған жағдайда несиені кешіру туралы міндеттемені енгізбек. Бұл қаржы ұйымдарының жауапкершілігін арттырады.

Сондай-ақ, онлайн-несие беру кезінде зейнеткерлер мен халықтың осал топтарына бірқатар шектеулер енгізіп, биометриялық аутентификацияны міндеттеу көзделген.