Қызылорда қаласында сот жыныстық құлдыққа болған 16 жасар мектеп оқушысының ісі бойынша алғашқы үкімді шығарды. Айыпталушы ретінде қыз баладан ірі көлемде қаржы бопсалаған өзін өңірлік қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері деп таныстырған азамат танылған.
«НеМолчи.kz» қорының ақпаратына сүйенсек, прокуратура айыпталушыны 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Ол қыз баладан 700 мың теңге бопсалаған. Бұл ақшаның 50 мыңын өзі алып, қалғанын қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне беретінін айтқан. Бұдан бөлек, қор ақпаратына сәйкес, айыпталушы оқушы қыздың сөмкесінен 35 мың теңгесін алып алған.
«Сот оны қылмыстық кодекстің 194-бап бойынша кінәлі деп тапты (бопсалау – авт.). Және 4,5 жылға бас бостандығынан айырды», — деді қор басшысы Дина Таңсәрі.
Оның айтуынша, істі болған құқық қорғау органдарының қызметкерінің кінәсін дәлелдеу үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жасалып, қылмыс орнын тексеру жүргізіліп, жәбірленуші тараппен бетпе-бет кездесіп, оқушы қыздың куәлік еткен.
Айта кетейік, тамыз айында Қызылордада бірнеше мектеп оқушысы 16 жасар қызды сексуалды құлдықта ұстаған деген ақпарат тараған. «НеМолчи.kz» қорының ақпаратына сәйкес, қыз баланы мыңнан аса рет зорлаған. Оқушыға зорлық көрсеткен қатарластары, оның аузын жабу үшін қорқытып, есірткіге отырғызған. Қызылорда соты 3 күдікті азаматты 2 айға қамаған. Кейіннен іске құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мектеп ұжымының да қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғандар саны 11 адамнан асқан.