Оралдық «Ақжайық» футбол клубы жабылу мүмкін ба? – деген сауалға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте жауап берді.
Әкімнің айтуынша, клубтың қаржылық мәселелері расыменде бар, басшылық ойыншыларға жалақы төле алмай отыр. Бірақ команданы жабу туралы нақты шешім қабылдан жоқ. Қазіргі уақытта клубты қолдау және дамытудың жолдары қарастырылып отыр, және бұл мәселеге қатысты Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетімен талқылаулар жалғасып жатыр.
Облыс әкімі «Ақжайық» футбол клубының қаржыландыруы бойынша бюджеттен 400 млн теңге бөлінгенін айтты. Алайда тендер бойынша бұл қаражат пайдаланылмаған. Ал, маслихат депутаттары игерілмеген қаражатты облыстағы мектептер мен ауруханаларға қайта бөлу жөнінде шешім қабылдады.
Сондай-ақ, әкімнің айтуынша қазіргі таңда ең маңызды мәселе футболшылардың айлығын төлеу болып тұр.
«Бұл уақытша нәрсе, біз футболшыларға айлық төлеу үшін жұмыстар жасап жатырмыз, министрлікпен бірге бұл мәселені шешетін боламыз, біздің облыста футбол үшін әрқашан көңіл бөлінетін, бір айта кететін жайт біздің футболшыларымыздың барлығы жергілікті ойыншылар. Сондықтан, жергілікті спортты дамыту мақсатында жұмыстарды жалғастыратын боламыз» – деді Төреғалиев.
Сонымен қатар, «Ақжайық» футбол клубын жеке инвесторлар сатып алу мүмкін деген ақпараттар тараған еді. Бұған қатысты әкім «ресми сатып алушылардан ешқандай ұсыныс түскен жоқ» деді.
Еске сала кетейік, бұған дейін оралдық «Ақжайық» футбол клубының экс-директоры қамауға алынғаны туралы жазған едік. Бірақ, ұсталған экс-басшыға қатысты сұраққа облыс әкімі жауап беруден бас тартып, бұл сауалды құзырлы органдарға жолдау керектігін айтты.