Азиялық акциялар құлдырап жатыр, ал биткоин бағасы Трамп жеңісінің эйфориясы тұсында рекордтық көрсеткіштерге көтерілу үстінде. Сонымен бірге сарапшылар, нарықта қалыптасқан жағдай еуроға қысым жасап жатқанын айтады.
Доллар бағамы төрт айдың ең жоғары көреткішіне келіп тұрақтады. Ал азиялық қорлар құлдырау үстінде. Осы тұста биткоин бағасы шарықтап келеді. Оған Дональд Трамптың жеңісі дем берді.
Тармптың сайлаудағы жеңісінен кейін, инвесторлардың биткоин активтеріне ставкалары артып, криптовалюта құны артты. Сарапшылар болашақта оның құны 89 637 долларға дейін жетеді деп болжайды.
Сонымен бірге мамандар Ақ үйдің жаңа әкімшілігі енгізуі мүмкін ықтимал тарифтер қаупі еуроға қысым жасап жатқанын айтады. Онсыз да еуроның бағасы жеті айға жуық ең төменгі деңгейде тұр.
«Егер Трамп тарифтерді көтеруді агрессивті түрде жүзеге асырса, орта мерзімді перспектива бұлыңғыр болуы мүмкін… Бұл инфляцияны күшейтіп, ФРЖ мөлшерлемелерінңғ төмендеуіне кедергі келтіреді»,- деп болжайды OCBC инвестициялық стратегиясының басқарушы директоры Васу Менон.
АҚШ-тың 47 президентінің сайлаудағы жеңісі Жапониядан тыс MSCI Азия-Тынық мұхиты елдерінің акцияларының ең кең индексі – 1%-ға, Тайвань акциялары (TWII) – 2%-ға және Оңтүстік Корея акциялары 1%-ға төмендеді.
Ал Уолл-стриттің негізгі индекстері рекордтық деңгейге жетті. Әсіресе Tesla (TSLA.O) саудасы жүріп тұр. Осы аптада нарықтың құны 1 триллион долларға жеткен Tesla-ның акциялары қымабттап, шамамен 9% -ға көтерілді.
Трамптың жеңісі және Конгресске криптовалютаны жақтайтын кандидаттардың сайлануы биткоин раллиін 90 000-ға жуықтатып жіберді. Сарапшылар биткоинның 100 000 долларлық межеге жету мүмкіндігі жоғары деп санайды.
Айта кетсек, бүгінгі күні 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 492,65 теңгені құрап отыр.
11 қарашада биткоин бағасы 4,7 пайызға өсіп, 84 мың доллардан асқан болатын.