Қоқысты орынсыз жерде тастағандар жазаланады. Алматыда экологиялық нормалардың сақталуын камералар «қадағалайды»

Жарияланды
экологиялық
Алматыда экологиялық нормалардың сақталуын камералар арқылы қадағалайды / Фото: gov.kz

Алматыда экологиялық нормалардың сақталуын камералар «қадағалайды». Бұл жайлы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаланың экологиялық құқықбұзушылықтарды, мысалы, рұқсатсыз қалдықтарды төгу, ауа мен судың ластануы, жасыл ағаштарды кесу сияқты жағдайларды тіркейтін камералар саны артады»,- делінген баспсаөз хабарламасында.

Камералар экологиялық инциденттерге жылдам әрекет ету мүмкіндік беріп, заңбұзушылықтардың қайталануына жол бермейді. Солайша камералар тек жол қозғалысының ережелерін ғана емес, сонымен бірге экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алмақшы.

Яғни камералар жүйесі қалада рұқсатсыз қалдықтарды төгу, ауа ластану және жасыл ағаштарды кесу сияқты заңбұзушылықтырды тіркеп оытрады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта сынақ режимінде экологиялық зиянды заттардың автомобильдерден шығарылуын бақылауға арналған спектрометр жұмыс істейді. Бұл құрылғылар жақсы нәтиже көрсеткен. Енді тиісті нормативтік-құқықтық актілерге тіркеу жұмыстары жүргізіліп, сынақ режимінің нәтижелерін әкімдікке береді. у үшін есеп дайындалуда.

Сондай-ақ, қалалық жолдардағы ауаның ластануын тексеретін датчиктер қойылады. Одан бөлек, жеке секторды бақылау үшін дрондар жіберіліп, олар камералармен жабдықталады. Әуедегі камералар көлік шығарындыларын және жеке үйлер мен автокөліктердегі құқықбұзушылықтарды анықтауға көмектеседі.

«Бұл шаралар қаланың ауасының күйін дәл бағалауға және ластануды азайтуға тиімді шаралар әзірлеуге көмектеседі»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз