Жаңалықтар

Елімізде сауда көлемінің индексі артты

Көтерме сауданың көлемі 35 687,4 млрд. теңге болып, 106,6% өсім көрсетті/фото: gov.kz

2024 жылы қаңтар-қазан айлары арасындағы сауда көлемінің индексі былтырғы осы кезең арасындағы көрсеткішпен салыстырғанда 107,3% болып отыр.

Жалпы алғанда, оның үлкен үлесі көтерме саудаға тиесілі. Меншікті салмағы – 67,3%. Ал бөлшек саудаға келсек, 32,3%.

Жыл басынан бері бөлшек сауда көлемі 17 096,7 млрд. теңге болған. Бұл 2023 жылы осы уақыт ішіндегі көрсеткіштен 8,7%-ға артық. Сауда-саттықпен айналысатын мекемелер құны 11316,5 млрд. тенге болатын тауарды бөлшек түрде сатқан. Бұл 5,9% өсім көрсетіп отыр.

Бөлшек сауданың жалпы көлемінде азық-түлік тауарларының үлесі – 32,6%, ал азық-түлік емес тауарлардың үлесі 67,4% болған.

2024 жылдың 1 қаңтарында бөлшек саудадағы сауда мекемелерінің тауар қорының көлемі (есеп берген мекемелер бойынша) – 1605,1 млрд. теңге.

Бөлшек сауданың ең көп меншікті салмағы Алматы қаласына (33,1%), Астана (13%) және Шығыс Қазақстан облысына (5,6%) тиесілі болып отыр.

Көтерме сауданың көлемі 35 687,4 млрд. теңге болып, 106,6% өсім көрсетті. Көтерме саудадағы тауар айналымында азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық өнімдер басымдыққа (81,4%) ие болған.

Көтерме саудада сауда мекемелерінің тауар қоры 2199,2 млрд. теңгеге жеткен.

Көтерме саудадағы меншікті үлес Алматыға (36,6%), Астанаға (16,6%), Атырау (14%) мен Қарағанды облысына (6,4%) тиесілі болып отыр.