Tesla компаниясының басшысы, миллиардер Илон Маск американдық кәсіпкер Вивек Рамасвамимен бірге Дональд Трамп әкімшілігінде арнайы құратын мемлекеттік басқару тиімділігі департаментін басқарады. Бұл туралы Трамп мәлімдеді. Ақпараттан кейін бірден Tesla акцияларының құны өсе бастады.
Толығырақ
Reuters ақпаратына сүйенсек, АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп 12 қарашада Илон Маск пен Вивек Рамасвами Мемлекеттік басқарудың жаңа тиімділік министрлігін басқаратынын жариялады.
«Осы екі керемет америкалық азаматпен бірге менің әкімшілігімдегі үкіметтік бюрократияны жоюға, пайдасыз шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашамыз», — деді Трамп.
CNN ақпараты бойынша мәлімдемеде Масктың «Үкімет ысырапшылдығына қатысы бар кез келген адамды таң қалдырамыз» деген сөзі келтірілген.
Инвестор үшін не маңызды
Қазан айында сарапшылар және инвесторлармен қарым-қатынас кезінде Маск әкімшілікте қызметке тағайындалған жағдайда Tesla үшін автономды көліктерді реттеуге қол жеткізетінін айтты. Бұл компания стратегиясының негізгі элементі.
Wedbush сарапшылары дүйсенбіде Tesla акцияларының нысаналы бағасын 25% көтерді. Өйткені Трамптың сайлаудағы жеңісі «Tesla тарихындағы жаңа парақ» деп бағаланған.
Ақ үйге жақын болуы арқасында Маск SpaceX компаниясына 19 млрд долларға қосымша мемлекеттік келісімшарт алуы мүмкін. CNBC хабарлауынша, Масктың компанияларына қатысты 19 федералды сот пен тергеулердің кейбірі мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
Акциялар құны
10 қарашада Tesla акциялары 6% төмендеді. Бұл Трамп жеңісінен кейінгі алғашқы құлдырау. Алайда Илон Масктың болашақ лауазымы туралы хабарламадан кейін 1% өсім байқалды. Investing.com жазуынша, сайлау күнінен есептегенде Макстың байлығы шамамен 70 млрд долларға өсті.