Жаңалықтар

Абхазияда ұсталған оппозиционерлер бостандыққа шықты

Абхазияда ұсталған оппозиционерлер бостандыққа шықты
Абхазияда ұсталған оппозиционерлер бостандыққа шықты / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Абхазияда 12 қарашада қамауға алынған саяси белсенді азаматтар халықтың жаппай наразылығынан кейін 13 қарашада бостандыққа шықты.  

Грузия құрамында болғанымен өзін тәуелсіз мемлекет деп жария еткен Абхазия Республикасында ұсталған барлық наразылық білдірушілер босатылды. Оларды бостандыққа шығаруды талап етіп, Сухуми көпірін жапқан халық жолды ашып, үйлеріне қайтты.

DW ақпаратына сүйенсек, Омар Смыр, Гарри Кокаю, Алмасхан Арджинбу, Рамаз Джопуа және Аслан Гварамия белсенділері бір күн ішінде Сухуми қаласында ұсталған. «Абхазия халық бірлігі форумы» оппозициялық партиясының төрағасы Аслан Барциц олардың барлығы «жақында қол қойылған Ресей-Абхазия инвестициялық қызметі туралы келісімге арналған Гудаут ауданындағы жұртшылық жиналысынан» оралғанын айтқан.

Барциц бұл оқиғаны саяси себептермен қудалау деп атады, дегенмен өзін-өзі жариялаған республиканың билігі оппозиционерлер «заңсыз әрекеттері» үшін ұсталды деп мәлімдеген.

Оппозиционерлерді ұстау Абхазияда жаппай наразылық тудырды. 11 қарашада жергілікті тұрғындар Сухумидегі мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің ғимаратына жиналып, белсенділерді босатуды талап етті.

Наразылық білдірушілер Сухуми-Кодорский, Верхнегумистинский және Гумистинский қалаларынан шығатын орталық магистраль мен үш көпірді жауып тастады.