Қырғызстан өз экономикасын қолдау үшін Азия даму банкінен 50 млн доллар көлемінде несие алуға шешім қабылдады.
24kg басылымның ақпаратына сүйенсек, тиісті келісімді ратификациялау туралы заң жобасын елдің Жоғарғы кеңесінің арнайы комитеті үшінші оқылымда мақұлдады. Оған сәйкес, несие 24,5 жылға берілетін болды.
Айта кетейік, Азия даму банкі бөлген 50 млн доллардың барлығы толықтай несие емес, оның 7 млн доллары экономиканы қолдауға грант ретінде беріледі, қалған 43 млн доллар несие.
Несие бойынша соңғы төлемді Қырғызстан 2048 жылдың маусымында жасауы керек. Несиенің пайыздық мөлшерлеме – 1,5%.
Бұл қаржыны Қырғызстан көлік пен энергетикадан бастап білім беру, денсаулық сақтау және жеке секторға дейінгі көптеген салаларға инвестициялауы тиіс. Азия даму банкі бұл қадам Қырғызстанда миллиондаған азаматтардың өміріне әсер етеді деп күтуде.
5 қарашада Қырғызстанға келген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдің қарызын өтеу туралы шешім қабылдаған.