Түркия Амстердамдағы тәртіпсіздіктерден кейін «Бешикташ» – «Маккаби Тель-Авив» матчын өткізуден бас тартты

Жарияланды 13 Қараша 2024 10:48

(жаңартылды 13 Қараша 2024 10:48)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Түркия «Бешикташ» - «Маккаби» матчын өткізуден бас тартты
Түркия «Бешикташ» – «Маккаби» матчын өткізуден бас тартты / Фото: Vasile Mihai-Antonio/Getty Images

Түрік билігі Амстердамдағы тәртіпсіздіктерден кейін Түркияда «Бешикташ» футбол клубымен «Маккаби Тель-Авив» клубының ойынын өткізбейтін болды. УЕФА бұл матчты Мажарстанда өтеді деп жариялады.

«Еуропа Лигасының стамбулдық «Бешикташ» пен тельавивтік «Маккаби» арасындағы матчы 2024 жылдың 28 қарашасында Дебрецендегі (Мажарстан) «Надьердей» стадионында өтеді», – делінген УЕФА хабарламасында.

Венгрия билігінің шешімі бойынша матч кезінде алаң бос болады. Яғни жанкүйерлер қатыспайды.

«Бешикташ» түрік клубы Мажарстан өз аумағында матч өткізуге келіскен жалғыз ел екенін түсіндірді. Клуб жанкүйерлерін матчқа арнайы сапар жоспарламай- ақ қоюға шақырды.

Айта кетейік, түрік клубының сапында қазақстандық футболшы Бақтияр Зайнутдинов та ойнайды. 

7 қарашада Амстердамда Израильдің «Маккаби Тель-Авив» клубы мен жергілікті «Аякс Амстердам» командасы арасындағы футбол матчынан кейін тәртіпсіздіктер басталды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Израильдің 10 жанкүйеріне «еркін Палестина» деп ұрандаған азаматтар шабуыл жасаған. Изриаль зардап шеккен азаматтарын елге қайтару үшін арнайы рейс жіберген.

Жаппай наразылық шарасы Амстердамда 11 қарашаға дейін жалғасып, құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылған.

Сондай-ақ оқыңыз