Мұнай, табиғи газ бен көмірді пайдалану дәуірі енді келуі мүмкін – Зерттеу
2024 жылы атмосфераға көтерілген газ қалдықтарының көлемі 2023 жылғы көрсеткіштен 0,8% асып, 37,4 млрд тоннаны құрады, деп хабарлайды Global Carbon Budget.
Global Carbon Budget зерттеуіне сүйенсек, әлем мұнай, табиғи газ және көмірді пайдалануды азайтудың орнына, қазба энергия көздерін көбірек тұтына бастаған. 2024 жылдың қалдықтар көлемі рекордтық көрсеткішке жетуі мүмкін.
Зерттеуге сәйкес, 2024 жылы атмосфераға көтерілген газ қалдықтарының көлемі 2023 жылғы көрсеткіштен 0,8% асып, 37,4 млрд тоннаны құрады.
«Әлем қазба отындары арқылы шығарындыларды тез және байыпты түрде азайтуы керек, осылайша біз жылынуды индустрияға дейінгі деңгейден 2 градустан төмен ұстауға мүмкіндік аламыз», – деп ескертті британдық Экстер университетінің зерттеушісі Пьер Фридлингштейн.
Зерттеушілер планетадағы улы газ қалдықтарының үштен бір бөлігі Қытайдан шығатынын мәлімдеген. NewClimate институтының климат зерттеушісі Никлас Хененің айтуынша, Қытайда CO2 қалдықтарының көбейгендіктен, елде электромобильдер өндірісі белсенді іске аса бастаған. Хене әлемдегі өсіп келе жатқан энергетикалық аштық жағдайында жаңартылатын энергия көздері жақын арада нарықтағы қазба отындарды алмастыра алады деп үміттенді.
Сонымен қатар, планетаның атмосферасындағы CO2 концентрациясы 2024 жылы миллионға 422,5 бөлшекті құрайды. Бұл индустрияландыру басталғанға кезеңнен 50% астам артық.