Lifestyle

Париждегі Louis Vuitton бутигі екі айда екінші рет тоналды

Париждегі Louis Vuitton бутигі екі айда екінші рет тоналды
Париждегі Louis Vuitton бутигі екі айда екінші рет тоналды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Франция астанасындағы Париж Сент-Жермен бульварындағы орналасқан Louis Vuitton бутигі екі айда екінші рет тоналды. Ұрылар дүкенді көлікпен қағып, қымбат сөмкелерді алып кеткен.

RFI ақпаратына сүйенсек, оқиға 11 қараша таңғы сағат 4:30 шамасында орын алған. Бетперде киген төрт адам бутиктің алдыңғы есігін көлікпен қағып, тауарды алып кетеді. Ұрланған заттың нақты құны әлі нақтыланбаған.

Ұрлық видеоға түсіп қалған. Ұрылар камераға түсірілгенін байқаған. Бірақ сөмкелер және ішік тондарды заттармен жүк салғышқа салуды жалғастырған. Прокурорлар «былғарыдан жасалған бұйымдар» ұрланғанын хабарлады.

Әзірге бірде бер күдікті қамауға алынған жоқ

Фото: threads/jeanbernard.bertrand.94

Париждің 6-шы ауданы, Сент-Жермен бульварындағы бутик осы күздің екі айында екі рет тоналған. Le Figaro мәліметінше қазан айында ұрылар көлікпен келген. Ол кезде 100-ден астам сәнді бұйымдар ұрланып, шығын 900 мың еуро болған.

Осының алдында маусым айында күдікті азаматтар Париждің Монтень даңғылындағы Chanel бутигінде бір көлікті өртеп қашып кеткен.