Дональд Трамп ақ үйде Джо Байденмен кездесті. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады. Кездесу барысында Байден келесі президентке билікті бейбіт түрде тапсыратынын мәлімдеді, ал Трамп бұл процестің «мүмкіндігінше сәтті өтетінін» айтты.
«Саясат — ауыр сала, ал, өмірде тіпті бәрі жағымды бола бермейді. Бірақ бүгін мен үшін бәрі жайлы, және мен қуыныштымын», — деді Трамп, содан кейін қос саясаткер қол алысты.
Сайлау алдындағы науқан кезінде Трамп пен Байден бір-бірін қатты сынға алған болатын. Соңғы рет олар маусым айында өткен дебаттарда кездесті. Алайда, сол дебаттардан кейін Байден жасы мен қызметтік міндеттерін атқару қабілетіне қатысты алаңдаушылықтардан соң сайлау науқанынан шығып кетті.
Сайланған президенттің қызметтен кетіп жатқан президентпен кездесуі — АҚШ саяси өміріндегі ежелгі дәстүр. Алайда, 2020 жылғы президенттік сайлауда Трамп жеңіліс тапқанымен, өз жеңілісін мойындаудан бас тартып, Байденді кездесу үшін Ақ үйге шақырмаған еді.
Бүгінгі кездесу туралы пікір білдірген Ақ үйдің ресми өкілі Карин Жан-Пьер Байденнің «нормалар мен институттарға сенетінін» және «бейбіт билік ауысымына сенім артады» деп мәлімдеді.
2024 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін Трамп алғаш рет Вашингтонға келді. Ақ үйге бармас бұрын, ол Өкілдер палатасына барып, Конгрестің төменгі палатасында бақылауды сақтап қалуға жоғары мүмкіндігі бар Республикалық партия мүшелерімен кездесті.