Бұрынғы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев футбол федерациясының президентігіне өз кандидатурасын ұсынбайды. Бұл туралы экс-министр өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Құрметті достар! Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша акпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті аткаруға еш жоспарым жок. Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл «№1 спортта біздін` ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін” – деп жазба қалдырды.
Маржықпаевтың орнына келген Ербол Мырзабосынов бір айдан кейін өтетін конференцияда таңдау жасалатынын айтты. Әзірге нақты кандидаттар жоғын атап өтті. Әр өңір өз ұсынысын жіберіп, сол үміткерлер арасында сайлау болатынын айта кетті.
Ермек Маржықпаев 2023 жылдың қыркүйегін бастап тура бір жыл Туризм және спорт министрі қызметін атқарды. Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарынан кейін президент жарлығымен министр лауазымынан босатылған еді.
Артынша, премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Мәди Тәкиев волейбол федерациясының президенті болып сайланған еді.