Jaguar Ұлыбританияда бензинмен жүретін көліктерін сатуды тоқтатты

Жарияланды 13 Қараша 2024 20:14

(жаңартылды 13 Қараша 2024 20:14)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Jaguar Ұлыбританияда бензинмен жүретін көліктерін сатуды тоқтатты / фото: REUTERS

Jaguar толық электромобильдерге көшу аясында Ұлыбританияда бензинмен жүретін жаңа көліктерін сатуды тоқтатты. 2024 ылдың 11 қарашасынан бастап британдық сатып алушылар тек электрлі Jaguar көліктерін сатып ала алады. Бұл шешім Jaguar Land Rover (JLR) стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Компания Jаguar-ды премиум электрлі автокөлік бренді ретінде позициялауды көздейді, деп хабарлайды Autonews.com.

Алдағы 2 желтоқсанда JLR Майами қаласында Jаguar-дың болашақ модельдеріне негіз болатын жаңа электрлі көлік концепциясын таныстырмақ.

Қазанда JLR компанияны трансформацияның келесі кезеңіне дайындау үшін үш жаңа басшыны тағайындаған болатын. Электрлендіру кезеңі Jаguar-ды толықтай электрлі брендке айналдыруды көздейді.

Жоспарларына қарамастан, JLR соңғы уақытта кейбір қиындықтарға тап болды. Соңғы тоқсанда компанияның табысы 10%-ға төмендеді. Бұл жеткізілім тізбегіндегі қиындықтармен байланысты болды. Негізгі алюминий жеткізушілерінің біріндегі су тасқыны сәнді жол талғамайтын көліктердің жеткізілімін қиындатты, бұл қаржылық нәтижелерге кері әсер етті.

Соған қарамастан, компания электрлі стратегиясының сәтті боларына сенімді және жаңа деңгейге шығу үшін белсенді дайындық жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз