Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кете ме?

Жарияланды 13 Қараша 2024 14:02

(жаңартылды 13 Қараша 2024 14:03)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Станислав Черчесов қызметінен кете ме? / коллаж: kursiv.media / бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кете ме? Бұл сұраққа бас бапкер журналистермен баспасөз маслихатында жауап берді.

Қазақстан футбол жанкүйерлері арасында соңғы уақытта бас бапкер Станислав Черчесовтың қызметінен кету-кетпеуі туралы сұрақтар жиі туындап жүр.

Федерация мен Черчесовтың арасындағы қарым-қатынаста ешқандай кикілжің немесе жеке мәселелер болмағаны бас бапкер өз мәлімдемесінде атап өтті. Черчесовтың айтуынша, оның Қазақстан футбол федерациясымен ресми келісімшарты бар, және ол өз міндетін орындауды жалғастырады.

«Иә, қазір федерация президенті жоқ, Әділет Барменқұлов бұл қызметтен өз еркімен кетті. Бұл оның жеке шешімі, мен еншандай артық сұрақ қойған жоқпын. Менің білуімше жаңа президент 20 желтоқсан күні сайланады. Ал менің Әділет Барменқұловпен емес федерациямен келісім-шартым бар. Сондықтан, ол маған байланысты емес, келісім-шартым бойынша жұмысысды жалғастыра беремін» – деді Черчесов.

Еске сала кетейік, жақында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кеткен еді.

Соңғы уақытта футбол федерациясы жиі сынға алынып, мәжіліс пен сенат депутаттарына дейін федерацияны тексеру мәселелерін көтерген.  Сонымен қатар, ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тіліне байланысты бірнеше рет дауға қалған кезде, федерация басшылығы жаттықтырушыға кешіріммен қарауды сұрап, қорғаған еді.

Қазақстан құрамасы ертең 14 қараша күні Алматының орталық стадионында Аустрия құрамасына қарсы ойын өткізеді. 

Сондай-ақ оқыңыз