Pepsi акциялары Coca-Colа қағаздарына қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін бе? Bloomberg мәліметінше, АҚШ-тың Қаржы министрлігі ресейлік мұнайды тасымалдаған 100-ге жуық рейс туралы ақпарат білу үшін кеме иелеріне сұрау салған. Шенеуніктер бұл мұнай жоғары бағамен сатылған деп күдіктеніп отыр.
АҚШ Ресей мұнайын қадағалауға көшті
Әдетте, компаниялардан мұнайды белгіленген шекті бағадан төмен сатып алғанын растау сұралатын. Демек, АҚШ Ресейдің мұнайға салынған санкцияларды айналып өту үшін құрылған «көлеңкелі» флотына әсер етуді көздейді.
Сонымен қатар шикізат трейдерлері Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін энергетика нарығындағы тұрақсыздықтан үлкен пайда көріп отыр. Trafigura Group акциялары 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қыркүйегіне дейін 188%-ға өсті. Энергоресурстар бағасының күрт өзгеруі мұнай, газ және металдар саудасындағы әлемдегі ең ірі трейдерлердің бірі болып саналатын Trafigura-ға алты айда рекордтық таза пайда 5,5 млрд доллар табуға мүмкіндік берді (2023 жылдың наурызына дейін). Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 108%-ға көп.
Еуропалық комиссия 15 қарашада Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін ұсынады, деп мәлімдеді Еуропалық дипломатия басшысы Жозеп Боррель. Санкциялар жаңа шектеулерді, мұнай бағасын бақылау шараларын және басқа да санкцияларды қамтиды.
Pepsi кірістілік жағынан Coca-Cola-ны басып озуы мүмкін
2006 жылдан бастап Pepsi өзінің негізгі бәсекелесін кірісі жағынан басып озған емес, деп хабарлады Bloomberg. Қазіргі уақытта Pepsi чипстер мен сұлыны табысты сатып отыр. Бұл нарықта компания көш бастап келеді және осы арқылы алға шығуға мүмкіндік алып отыр.
PepsiCo компаниясы тиімділікті арттыру, қуаттарды ұлғайту және брендті дамыту үшін 60 млрд доллар инвестиция салды. Jefferies талдаушысы Каумил Гаджравала Pepsi акцияларының келесі жылы 20%-дан аса өсім көрсетіп, 203 долларға жетеді, ал компанияның нарықтық құны шамамен 279 млрд доллар болады деп болжап отыр.
Осылайша, Coca-Cola-ның нарықтық құны 277 млрд доллар деп бағалануда, ал қазіргі уақытта Pepsi-дің капиталдандырылуы 246 млрд долларға тең.
Мексика Орталық банкі желтоқсанда негізгі мөлшерлемені сақтап қалады
Мексика Орталық банкі негізгі пайыздық мөлшерлемені біртіндеп төмендететін болады, деп хабарлайды Bloomberg. Алғашқы төмендету келесі жылдан ерте болмайды, деп мәлімдеді Мексика Орталық банкінің басқарушысы Виктория Родригес Сеха. Сондай-ақ ол желтоқсан айындағы отырыста қатаңдату болмайтынын атап өтті.
«Инфляцияның болашақтағы болжамын жақсарту базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін келесі отырыстарда қарастыруға жол ашады», – деді шенеунік.
Сонымен қатар жұмсарту циклі үзіліссіз болмауы мүмкін екенін ескертті.
9 қарашада реттеуші мөлшерлемені 11,25% деңгейінде сақтап қалды.