Қазақстан қаржы нарығына шетелдік 3 сенімді банк тартылған. Олар: Кореяның BNK Financial Group қаржы тобы, Abu Dhabi Commercial Bank PJSC қаржы тобы және қатарлық Lesha Bank.
Қаржы нарығын ретте және дамыту агенттігі қазақстандық банк секторына үш бірдей шетелдік қаржы ұйымының кіруі – сектордағы бәсекелестікті арттырады деп тұжырымдайды.
Агенттік айтқан үш қаржы ұйымының өкілдіктері Қазақстанда бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мәселене Кореяның BNK Financial Group қаржы тобына кіретін BNK микроқаржы ұйымы 2018 жылдан бері жұмыс істейді.
2024 жылдың маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен микроқаржы ұйымы банкке айналуға рұқсат алды. BNK Financial Group қаржы ұйымының активтері жыл басында $128 млрд құраған. Оның 28 филиалы және үш шетелдік өкілдігі бар.
Сонымен қатар, қазан айының басында БАӘ-нің Abu Dhabi Commercial Bank қаржы тобы Al Hilal ислам банкін сатып алып, оның атауын ADCB деп өзгертті. Бас компанияның активтері $155,2 млрд құрап, БАӘ банктерінің ішінде 56 банктің ішінде үшінші орында тұр.
«Бәйтерек» холдингі биыл күзде қатарлық Lesha Bank-ке Bereke Bank-тің 100% акциясын сатты. Қаржы ұйымы бұған дейін ресейлік Сбербанкке тиесілі болған. Lesha Bank активтері 1 қазанда $2,09 млрд құрады.
2023 жылдың қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторына үш шетелдік банк тарту туралы тапсырма берген болатын. Қазіргі кезде тағы екі микроқаржы ұйымы: KMF паен Solva банкке айналуға дайындалып жатыр.
Сонымен қатар, ҚНРДА банк секторына шетелдік банктердің кіруіне қойылатын талаптардың жеңілдейтінін атап өтті. Мысалы, шетелдік банктердің бөлімшесін ашу үшін ең төменгі жиынтық актив мөлшері $20 млрд-тан $10 млрд-қа дейін азайтылады.
Сондай-ақ, кредиттік рейтинг деңгейіне қарай қаржы ұйымдары үшін құжаттар топтамасын қысқарту, сонымен қатар Агенттік ақпараттық жүйелерден не өтініш беруші елінің қаржы реттеушісінен дербес түрде ала алатын құжаттар тізбесін оңтайландыру жоспарланған.Тиісті заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр, жақында бірінші оқылымда мақұлданған.