Жаңалықтар

Алдағы күндері Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін

Алдағы күндері Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін
Алдағы күндері Алматы тауларында көшкін жүруі мүмкін / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы тауларында 14-15 қараша күндері аралығында көшкін жүруі мүмкін. Қауіп туралы «Қазгидромет» ескертуінде жазылған.

14 және 15 қарашада Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар түсуіне байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. Метереологтар туристер мен тұрғындарға таулы аймақтарға саяхаттамауға, жолға шыққан жағдайда өзен бойлары мен тау баурайында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Синоптиктер ескерткендей, Алматыда 14 қарашаға қараған түні жаңбыр жауды, ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендеді.

Айта кетейік, тауға шыққан жағдайда қар көшкіні болуы мүмкін жерлерден аулақ жүріңіз. Ол таудың орналасқан тұстарында болады. Қар көшкінінің қаупі қар жауған сайын күшейе береді. Көшкін ағаш көп аймақтарда бола бермейді. Сондықтан осындай тауларға шығу қауіпсіз. Көшкін болған жағдайда тауда іздеу жасақтары құрылады.