Бірыңғай уақыт белдеуінің қазақстандықтар денсаулығына әсері туралы зерттеуге бюджеттен қаржы бөлінеді
Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай уақыт белдеуінің Қазақстан азаматтарына әсері туралы зерттеу жүргізу үшін Ғылым министрлігіне өтініш жасаған. Бұл туралы Сенат отырысынан кейін журналистерге ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты. Министр зерттеуге бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты. Бірақ нақты сомманы келтірмеді.
«Ең жақсы институттарды қосамыз. Бізде осы мәселелермен айналысатын өте жақсы институттар бар. География институты, Денсаулық сақтау министрлігінің Физиология және Медицина институттары бар. Жоғары ғылыми техникалық комиссия (ЖҒТК) өз отырысын өткізіп, осы тақырыпты талқылауға шығарамыз. Мақұлдаудан кейін конкурс жариялап, зерттеуді бастаймыз», – деді министр.
Саясат Нұрбек зерттеуге қанша қаржы бөлінетінін нақты айтпады. Бірақ «аз ғана сомма» деді. Министрлік алдымен зерттеуге арналған жалпы лимитті анықтап, содан кейін конкурстық рәсімдерді өткізуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, министр жоғарғы оқу орында бірыңғай уақыт белдеуіне көшу кезінде өздерінің жұмыс кестелерін шамалы түзеткенін атап өтіп, университеттер тарапынан шағымдар болмағанын жеткізді.
Айта кетейік, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Үкіметтің уақыт белдеуін ауыстыру шешімін сотқа берген азаматтың шағымы кері қайтарған.