13 қараша күні Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып, ереуілге шығып, бірнеше талап қойған.
БАҚ ақпаратына сүйенсек, жұмысшылар компания зейнетке шыққан немесе денсаулығы нашарлаған мұнайшылардың балаларын жұмысқа алуы қажет. Бұған қоса, қаладағы жұмыссыздық мәселесін шешіп, 2013 жылға дейін ұжымдық шартта болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтаруы, 30% қосымша жалақы төлеу мәселесін ұжымдық шартқа қайтаруы және машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеруі қажет.
«Өзенмұнайгаз» компаниясы жұмысшылар ереуіліне қатысты мәлімдемені 14 қарашада ғана жария етті. Мәлімдемеге сүйенсек, компания басшылығы кәсіпорын жұмысшыларымен келіссөздер жүргізуді бастаған. Дегенмен мұнайшылардың қандай талаптары орындалатыны туралы ақпараты әлі белгілі болған жоқ.
«Олар қойған әр талап мұқият қарастырылады. Барлық мәселе заң аясында, атап айтқанда ҚР Еңбек кодексінің шеңберінде шешілуге тиіс. Келіссөз нәтижесі бойынша ақпарат қажет болған жағдайда қосымша берілетін болады», – делінген компания таратқан хабарламада.