Дональд Трамп Тулси Габбардты Ұлттық барлау басшысы қызметіне ұсынды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Тулси Габбард АҚШ-тың ұллтық барлау басышысына ұсынылды / фото: reuters

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Конгрестің бұрынғы мүшесі, запастағы подполковник Тулси Габбардты Ұлттық барлау басшысы қызметіне ұсынды, деп хабарлайды америкалық БАҚ.

«Бұрынғы конгрессвуман, запастағы подполковник Тулси Габбардтты Ұлттық барлау директоры лауазымына ұсынатынымды қуана хабарлаймын,» – деп мәлімдеді Трамп өз сөзінде.

Габбардтың бұл қызметке орналасуы үшін оның кандидатурасын АҚШ Сенаты бекітуі қажет.

1981 жылы дүниеге келген Тулси Габбард АҚШ армиясының запастағы офицері және Гавайи штатының өкілі ретінде 2013-2021 жылдары АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасында қызмет етті. Ол сол кезде Демократиялық партияны ұсынған.

Дегенмен, Габбард бірнеше рет Барак Обама және Джо Байден әкімшіліктерінің іс-әрекеттерін сынға алды. 2022 жылы Демократиялық партиядан шығып, өзін тәуелсіз саясаткер деп жариялады. 2024 жылы ол Республикалық партияға қосылып, Трамптың сайлауалды митингілерінде белсенділік танытты.

Еске сала кетейік, бұдан бөлек Трамп бірқатар министрлікке кандидаттарды ұсынды. The Wall Street Journal (WSJ) деректері бойынша, Флорида штатынан сайланған конгрессмен Майкл Уолтц Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші қызметіне үміткер ретінде қарастырылып жатыр. Уолтц Украина мен Таяу Шығыстағы қақтығыстар күшейген кезеңде жұмыс істейді деп күтіліп отыр.

The New York Times (NYT) басылымының мәліметінше, Трамп сенатор Марко Рубионы мемлекеттік хатшы лауазымына, ал Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің басшысы қызметіне Нью-Йорктен сайланған бұрынғы конгрессмен Ли Зелдинді ұсынуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз