2024 жылдың соңғы айында бес күндік жұмыс аптасы бар қазақстандықтар 10 күн демалып, жаңа 2025 жылдың алғашқы айында тағы 11 күн демалады. Қазақстандықтар өз демалыстарын алдын ала жоспарлай алуы үшін желтoқсан және қаңтар айларындағы мереке мен демалыс күндерінің ыңғайлы күнтізбесін ұсынамыз.
Желтoқсан айы қазақстандықтарға қосымша демалыс сыйлайды. 16 желтoқсан – Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келіп отыр, сондықтан ел тұрғындары қатарынан үш күн демалысты пайдалана алады.
Желтоқсандағы демалыс кестесі:
14 желтoқсан, сенбі: алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін жұмыс күні, ал бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін – демалыс күні.
15 желтoқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні.
16 желтoқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні, барлық қазақстандықтар үшін демалыс күні.
Айта кетейік, жаңа жыл қарсаңында 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндеріне түсіп тұр, сондықтан қазақстандықтар жаңа жылды қарсы алу дайындықтарын алдын ала жоспарлағаны жөн.
2025 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтар күндері демалады. Ал 3 қаңтар, жұма – жұмыс күні болып белгіленген. Осыдан кейін 4 және 5 қаңтар күндері сенбі мен жексенбі түседі. Рождество 7 қаңтар, сейсенбі күніне сәйкес келеді, сондықтан қазақстандықтар бұл күні тағы да қосымша демалысқа ие болады.