Жаңалықтар

Биткоин бағасы 90 мың АҚШ долларына жетті. Бұған Илон Масктың қандай ықпалы бар?

Баға жеті күннің үшін 20,32 пайызға өскен/фото: shutterstock

Криптовалюталардың бағасы шарықтап жатыр. Мәселен, биткоин қазір 90 мың АҚШ долларына саудаланып жатыр. Бағасы жеті күннің үшін 20,32 пайызға өскен. Ал бір тәулікте 3,19 пайызға жеткен.

Экономист Бауыржан Ысқақовтың пікірінше, бағаның аспандауына криптовалютаға сұраныс артып жатқаны себеп. Оған Илан Маск криптовалюта туралы пікірі ықпал етуі мүмкін.  

«Бағасының өсуі әлемдік саяси тұлғалар мен бизнесмендердің пікіріне де байланысты. Қолында қаражаты көп азаматтар биткоинді мақтауы бағасының қымбаттауына әкелді», – дейді экономист.

Сарапшының айтуынша, криптовалюта бағасының өсуі уақытша құбылыс емес. Бұл – болашақтың валютасы.

«Бұған мен жүз пайыз сенемін. Өйткені, әртүрлі мемлекеттердің ұлттық валютасы бар. Халықаралық валюталар бар. Бірақ олар көптеген вакторларға тәуелді. Қырғи-қабақ соғыс, мұнайдың қымбаттауы, екі мемлекет арасындағы жанжалдар айналып келгенде, валюта тұрақсыздығына әкеп соғып жатыр», – дейді экономист.

Бауыржан Ысқақовтың сөзіне қарағанда, криптовалюта сұранысты жабатын, халықтың көп бөлігі сенім білдіретін валютаға айналып келеді. Болашақта доллардың өзіне бәсекелес бола алу бек мүмкін.

«Криптовалюталардың қауіпсіздігі де жоғары деңгейде қамтамасыз етілген. Нарықта жалған доллар аз емес. Криптовалюта электронды ақша болғандықтан, оның қауіпсіздігі өте жоғары. Бұл жайт та өз ықпалын тигізіп отыр», – дейді экономист.

Бауыржан Ысқақов болашақта криптовалюталарға деген сұраныстың арта түсетінін болжайды.

«Қазір көп дамушы елдердің валютасы доллар бағамына байланыстырылған. Ол елдің экспортқа шығаратын тауары, доллармен түсетін пайдасы болмаса, ұлттық валютасы құнсызданады. Криптовалютамен байланыстыру ол мемлекетке экономикалық тәуелсіздік береді», – дейді сарапшы.