Жақында Zeekr Lynk & Co акцияларының бақылау пакеті сатып алмақ. Бұл екі бренд те қытайдың Geely холдингіне кіреді.
CarNewsChina қарағанда, ондағы мақсат – жаңа қуат көздерімен жүретін көліктерге басымдық беру. Десе де, Lynk & Co атауын және мәртебесін сақтап қалады. Zeekr тек қана қаржы және сатып алуларға байланысты басшылық жасайтын болады.
Zeekr бастапқыда швед-қытай Lynk & Co-ның электрлі бөлігі болды. Артынша толыққанды брендке айналды. 2021 жылы Geely Group шешімінше, Lynk & Co-ны жанармаймен жүретін немесе гибридті көліктерді шығаруға, Zeekr электрлі үлгілерді шығаруға маманданды. Алайда Lynk & Co сатылымы баяуласа, Zeekr тұрақты өсім көрсетіп отыр.
Қытай басылымдарының пікірінше, Geely ішкі бәсекелестікті азайтып, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру үшін ресурстарды оңтайландыру мақсатымен екі брендтті қосуға шешім қабылдаған.
Сонымен қатар, Швециялық Volvo концерні де өз үлесін Lynk & Co-ға сату туралы келіссөз жүргізіп жатқанын растаған болатын. Келісім әлі жасалмаған. Алайда Volvo Cars Zeekr-ге 30 пайыз акциясын 750 млн АҚШ долларына сататынын жариялаған еді.
Екі брендтің бірігуіне осы жайт түрткі болса керек. Zeekr 2021 жылы электромобиль бренді ретінде іске қосылған. 2022 жылы көліктері ТМД елдерінде сатыла бастады. 2023 жылы Еуропада ресми түрде саудаға шығарылды. Компания «көлеңкелі» экспортқа қарсы күрес бастап, Қытайдың ішінде сатылғанмен, басқа елдерге шығарылған көліктерді өшіріп тастайтынын ескерткен еді.
Бүгінде Zeekr-дің бес үлгісі нарыққа шығарылған. Алдымен X, 001, 007, 009 деп аталатын төрт үлгісі сатылды. Жақында 7X үлгісі шығарылды.
Бірлескен Geely Auto, Volvo Cars және Zhejiang Geely Holding-ке еншілес Lynk & Co алғашқы көлік үлгісін 2016 жылы сатылымға шығарған болатын.
2024 жылы қазан айында Geely 226 686 көлік сатқан. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 28 пайызға артық. Сатылған көліктердің 78 858-і –электромобиль. 2024 жылдың үш тоқсанында Geely сатқан көліктердің 30 пайызы Lynk & Co мен Zeekr-ге тиесілі.
Мұның алдында Еуроодақ Қытай электромобильдеріне бес жылдық салық енгізгені туралы жазғанбыз.