Банк пен қаржы

Ұлттық банк 2025 жылы AIX-те алтын инвестициялық монеталарды шығарады

Фото: Асқар Ахметуллин, бильд-редактор Артур Алескеров

Ұлттық банк 2025 жылы алтын инвестициялық монеталарын шығарады. Бұл монеталар Astana International Exchange (AIX) биржасының «TABYS» мобильді қосымшасында сатылады.

Бұл қаржы құралы Қазақстан «Цифрлық инвестициялық монета» жобасы аясында айналымға шығарылады. Алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алу және сатуға болады.

«Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады»,- делінген хабарламада.

«Цифрлық инвестициялық монета» жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық Банкке кері сатуға, сыйлауға болады. Сондай-ақ оларды жинап, Ұлттық Банк филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастай алады.

Осы жоба үшін арнайы жаңа ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны әзірлеген: салмағы – 31,1 грамм, номиналы 100 теңге, алтын сынамасы – Аu 999,9. ÚKI инвестициялық монетасын тек «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатылады.Монеталар блистерде шығарылады.

Жоба нақты қай күні іске қосылатыны туралы ақпаратты Ұлттық Банк қосымша хабарлайды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар Ұлттық банк шығарған бірнеше сериядағы инвестициялық монеталарды сатып ала алады Оларда әртүрлі номиналдағы монеталар бар.