Жаңалықтар

Solidcore Resources Алматы әкімі Ерболат Досаевқа қатысы бар компаниядан «Сырымбет» кен орнының 55 пайыз үлесін сатып алды

Solidcore Resources "Сырымбет" кен орнының 55 пайыз үлесін сатып алды
Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Solidcore Resources (бұрынғы «Полиметалл» компаниясы) «Сырымбет» кен орнының 55 пайыз үлесін сатып алды. Мәмәле 14 қараша күні жабылған.

«Solidcore Resources plc 2024 жылғы 14 қарашада барлық кейінге қалдырылған талаптар орындалғаннан кейін Сырымбет полиметаллды кен орнындағы 55% үлесті сатып алу жөніндегі бұрын жарияланған мәміле аяқталғанын хабарлайды», – делінген компания таратқан хабарламада.

Компания кен орнының жартысын сатып алуға ниетті екені жыл басында белгілі болған. Солтүстік Қазақстанда орналасқан Сырымбет кен орны әлі толық игерілмеген. Ол бұған дейін Lancaster Group холдингінің еншілес кәсіпорны – Berkut Mining ЖШС-ға тиесілі болған. Ал Lancaster Group компаниясына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қатысы бар.

Қос тарап кен орнының жартысын 82,5 млн доллар долларға сату-сатып алуға келіскен. Мәмілені Solidcore компаниясы өз қаржысы есебінен қаржыландырады.

Қаржы есебі депозитарийінде жарияланған соңғы есепке сәйкес, Lancaster Mining компаниясы Сингапурда тіркелген Lancaster Holding холдингіне тиесілі. Ал Lancaster Holding акционерлері қатарында Берік Қаниев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев (оның акциялары сенімгерлік басқару арқылы Г. Досаеваға сеніп тапсырылған), Юрий Пак, сондай-ақ Гаухар және Нұрлан Қаппаровтар (Нұрлан Қаппаровтың үлесі Каппарова Г.С.-ның сенімгерлік басқаруында) бар.