Lifestyle

Ресей азаматтығын алу үшін 14 жастан бастап елге ант беруді міндеттеуі мүмкін 

Ресей азаматтығын алу үшін 14 жастан бастап елге ант беруді міндеттеуі мүмкін 
Ресей азаматтығын алу үшін 14 жастан бастап елге ант беруді міндеттеуі мүмкін  / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ресей мемлекеттік Думасының ТМД елдері бойынша комитетінің төрағасы Леонид Калашников депутаттар палатаға жаңа заң жобасын енгізді. Оған сәйкес Ресей азаматтығын алу үшін 14 жасынан бастап елге ант беруді міндеттеу ұсынылды.

«Патриоттық рухты арттыру және Ресей Федерациясының Конституциясы мен Ресей Федерациясының заңнамасын сақтау міндеттемесін саналы түрде қабылдау мақсатында заң жобасында ант беруге міндетті адамдардың жасын 18 жастан 14 жасқа дейін төмендету ұсынылады», – деп келтірді құжат үзіндісін ТАСС.

Қажетті өзгерістер «Ресей Федерациясының азаматтығы туралы» заңда қарастырылған. Сондай-ақ, ант беруден бас тартқан жағдайда азаматтыққа қабылдау туралы шешім жарамсыз деп саналатын норманы бекіту ұсынылды.

Азаматтыққа қабылдау туралы шешім ант берген күннен бастап күшіне енеді. Егер адам Ресей Федерациясының азаматтығына қабылдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап бір жыл ішінде ант бермесе, азаматтық күшін жояды. 

«Сонымен қатар, ережелерде адам қайтыс болуына байланысты ант бермесе де, азаматтық жарамсыз болып саналады», – делінген құжатта.